«Тәуелсіздік – тұғырым»Farabi University

«Тәуелсіздік – тұғырым»

5 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 5-желтоқсанында шетел тілі кафедрасы «Тұрақты даму мақсаттары 8» Ілгерілемелі, барлығын қамтитын және тұрақты экономикалық өсімге, баршаның толық және өнімді жұмыспен қамтылуына және лайықты жұмысына жәрдемдесу жобасы аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік – тұғырым» атты тақырыбында іс-шара өткізді.

Дөңгелек үстелге кафедра оқытушылары Қ.А.Айсултанова , Ш.С.Дуйсенбаева және заң факультетінің «Юриспруденция ,құқық қорғау қызметі» мамандықтарының 1-курс студенттері қатысты.

 Іс-шараның басты мақсаты -Қазақстан Тәуелсіздігінің мәні мен маңызын түсіндіру, Ел тарихына, ұлттық құндылықтарға құрмет сезімін арттыру,патриоттық сезімді қалыптастыру.

Қазақстанның ұлт пен ұлыстар арасындағы татулығын, бірлігін мен ынтымастығын, бабамыз аңсаған бостандығын,еліміздің қол жекізген толағай табыстары мен жетістіктерін ұрпаққа аманат ету және оңы көзінің қарашығындай етіп сақтауға және бағалай алуға үйрету.

Тәуелсіздіктің біз үшін қаншалықты маңызды және құнды екенін әрбір студент өзінің өлең жолдарымен жеткізе білді. Ал тәуелсіздіккке жету жолының қаншалықты қиындықпен келгенін, қандай түрлі оқиға болғанын слайд арқылы көрсетіп, ой түкпірінен өткіздік. Әсіресе 1986 жылғы болған оқиғаны да ашып көрсетіп, тәуелсіздік жолында өмірден өткен адамдар туралы кішігірім мағұлматпен бөлістік.

Шара интерактивті форматта өтті: викторина, сұрақ-жауап, шығармашылық тапсырмалар ұйымдастырылды. Студенттер белсенділік танытып, өз көзқарастарын ағылшын тілінде еркін жеткізе алды.

Нәтижесінде студенттердің патриоттық сезімі артып, топ арасында ынтымақтастық пен жауапкершілік күшейді. «Тәуелсіздік – тұғырым» атты іс шара жоғары деңгейде өтті және жақсы әсер алды.