«Кодикология ғылымы: қолжазбатанудағы рөлі» ашық сабағыFarabi University

«Кодикология ғылымы: қолжазбатанудағы рөлі» ашық сабағы

27 қараша, 2025

27 қараша күні ҚР Ұлттық кітапханасында «Шағатай және жазба ескерткіштері» атты ашық дәрістер топтамасының төртінші кездесуі өтті. Іс-шараға ғылыми орта өкілдері, жас зерттеушілер мен шығыстану саласына қызығушы тыңдаушылар қатысты.

Аталған дәріс түркі жазба мұраларын зерттеуге арналған маңызды ғылыми алаң ретінде қалыптасып келеді. Бұл жолғы басқосуда дәрісті PhD, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Жазба жәдігер және рухани мұра ҒЗО-ның аға ғылыми қызметкері, белгілі қолжазбатанушы Өмір Тұяқбаев жүргізді. Шағатай тіліндегі жазба мұраны ғылыми айналымға қосу, қолжазбалардың кодикологиялық қырын тереңірек тану – қазіргі түркологиядағы өзекті бағыттардың бірі.

Изображение выглядит как одежда, человек, в помещении, люди

Содержимое, созданное искусственным интеллектом, может быть неверным.

 

Өмір Тұяқбаев дәріс барысында кодикология ғылымының қалыптасуы мен даму тарихына тоқталып, шығыс жазба дәстүріндегі қолжазбаларды зерттеу әдістерін жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар: мәтін мен материалдың ерекшеліктері; қолжазбаның құрылымы мен сақталу мәдениеті; кодикологияның қазіргі ғылыми айналымдағы орны; қазақ ғылымындағы кодикологиялық зерттеулердің болашағы сияқты мәселелер кеңінен талқыланды. https://www.facebook.com/groups/356911851052321/permalink/25195495203433975/

Дәріс соңында қатысушылар көне жазба мұралармен жұмыс істеудің әдістемелік ерекшеліктері туралы сұрақтар қойып, тәжірибелік мысалдар арқылы білімін толықтырды.

Н.Н.Кайранбаева