Экологиядағы геоақпараттық жүйелер бойынша лидерлік лекция өттіFarabi University

Экологиядағы геоақпараттық жүйелер бойынша лидерлік лекция өтті

8 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 5 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде экология мамандығының студенттеріне арналған «Экологиядағы геоақпараттық жүйелер» тақырыбында лидерлік лекция өтті. Лекцияны Нүкус мемлекеттік техникалық университетінің (NSTU) өкілі және MECAS жобасының басты координаторы Асия Турениязова жүргізді.

Студенттерге ГИС технологияларының экологиядағы маңызы, қоршаған ортаны мониторингте кеңістіктік деректерді қолдану әдістері, сондай-ақ урбанистикалық экологияда цифрлық картографияның рөлі жан-жақты түсіндірілді. Лидерлік формат студенттерге кәсіби дағдыларды дамытуға және халықаралық сарапшының тәжірибесін тыңдауға мүмкіндік берді.

Лекциядан кейін қонақ Тұрақты даму және табиғатты тиімді пайдалану орталығының Топырақ экологиясы лабораториясымен танысты. Лаборатория мамандары топырақтың ауыр металдармен ластануын бағалау, ГИС-ке негізделген кеңістіктік талдау, экологиялық мониторинг әдістері және зертханалық құрал-жабдықтардың мүмкіндіктері жөнінде ақпарат берді.

NSTU өкілі орталық пен лабораторияның жұмысын жоғары бағалап, экология және ГИС салаларындағы бірлескен ғылыми жобаларды дамытуға қызығушылық білдірді.