Жастар арасында суицидтің алдын алу: себептер және шешу жолдары ЦУР бағыты: ЦУР №3 – Салауатты өмір салты және психологиялық әл-ауқат.Farabi University

Жастар арасында суицидтің алдын алу: себептер және шешу жолдары ЦУР бағыты: ЦУР №3 – Салауатты өмір салты және психологиялық әл-ауқат.

9 желтоқсан, 2025

Кураторлық сағат «Жастар арасында суицидтің алдын алу: себептер және шешу жолдары» (ЦУР №3 — Денсаулық және әл-ауқат) тақырыбында ұйымдастырылып, іс-шара ПЭиСУ-131 тобы студенттерінің қатысуымен №203 аудиторияда өтті. Негізгі мақсат — жастар арасында суицид мәселесінің өзектілігін көрсету, қауіп факторы болып табылатын психологиялық, академиялық, әлеуметтік қысымдардың табиғатын түсіндіру, сондай-ақ эмоционалдық тұрақтылық пен көмек сұрау мәдениетін қалыптастыру. Куратор Жоламанов Б.Н. суицид статистикасын талдап, жаһандық және Қазақстандағы көрсеткіштердің алаңдатарлық екенін атап өтті, эмоционалдық күйзеліс, жалғыздық, отбасы ішіндегі түсінбеушілік, оқу жүктемесі, үнемі салыстыру, әлеуметтік желідегі қысым, өзін қоғамға қажетсіз сезіну секілді негізгі триггерлерді көрсетті. Сонымен қатар мінез-құлықтағы өзгеріс, тұйықталу, ұйқының бұзылуы, тәбеттің төмендеуі, болашаққа қызығушылықтың жоғалуы, үнемі шаршау, үмітсіздік сынды қауіптің ерте белгілерін тану әдістері түсіндірілді. Университет психологымен байланысу, сенім телефондарына жүгіну, онлайн консультация алу, достар мен куратордан көмек сұрай білу — суицидтің алдын алу тетігі ретінде ұсынылды, бұл ЦУР №3 және №16 мақсатына сәйкес жастардың психикалық саулығы мен қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған. Студенттер белсенді қатысып, стресс кезіндегі өзін-өзі реттеу, эмоцияны бастырмай айту, бір-бірін қолдау, тыңдай білу, буллинг пен оқшаулануды болдырмау сияқты сұрақтарды талқылады. Кездесу студенттердің психологиялық сауаттылығын арттырып, өмірлік қиындықтарда жалғыз қалмау, көмек сұраудан қорықпау, сондай-ақ өзге адам жан күйзелісін сезген жағдайда қолдау көрсету құндылығын түсінуге ықпал етті. Іс-шараның нәтижесі — жастар арасында қауіптің алдын алу, сенімді орта қалыптастыру, психологиялық қолжетімділіктің маңызын жеткізу, яғни ЦУР №3, 4 және 16 бағыттарының тәжірибелік жүзеге асуы.