- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ №14 – Теңіз экожүйелерін сақтау. Теңіздер мен мұхиттардың ластануы: себептері, салдары және алдын алу жолдары.
ТДМ №14 – Теңіз экожүйелерін сақтау. Теңіздер мен мұхиттардың ластануы: себептері, салдары және алдын алу жолдары.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Физика-техникалық факультеті. 10.12.2025 жылы сағат 12:00-де факультеттің 531 аудиториясында «Физика және астрономия» мамандығының 3 курс, 344 тобының ұйымдастыруымен «Теңіз экожүйелерін сақтау. Теңіздер мен мұхиттардың ластануы: себептері, салдары және алдын алу жолдары» атты ашық тәрбие сабағы өтті.
Жауапты куратор: Нодяров А.С., Электроника және астрофизика кафедрасы. Сабақ барысында теңіздер мен мұхиттардағы ластанудың негізгі себептері (пластик қалдықтары, өндірістік қалдықтар, мұнай төгінділері, тұрмыстық қоқыс) және олардың экожүйелерге әсері талқыланды. Сонымен қатар Қазақстан үшін өзекті мәселелер — Арал теңізінің тартылуы мен Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі, олардың климатқа, биологиялық әртүрлілікке және аймақтық экономикаға әсері қарастырылды.
Студенттер теңіз экожүйелерін қорғаудың маңызын, жауапты тұтыну мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолдарын, сондай-ақ әлемдік ынтымақтастықтың рөлін талқылады. Сабақта түсіндіру, бейнематериал, сұрақ-жауап, пікірталас және постер қорғау әдістері қолданылды. ЦУР: №13 «Климаттың өзгеруімен күрес», №14 «Теңіз экожүйелерін сақтау», №12 «Жауапты тұтыну және өндіріс».
Басқа жаңалықтар