«Қытай тілі бұрышында» Қытайдың шай мәдениеті талқыландыFarabi University

«Қытай тілі бұрышында» Қытайдың шай мәдениеті талқыланды

9 желтоқсан, 2025

Қытайтану кафедрасының жанындағы «Жібек жолы» үйірмесінің аясында «Қытай тілі бұрышы» жалғасын табуда. 1 курс куратор-эдвайзері Байсерке Айжанның жетекшілігімен ұйымдастырылған тіл үйрену клубының кезекті отырысында, студенттер қытайдың шәй мәдениетімен танысты. Қытай студенттері дәстүрлі шәй церомониясымен және қытайлардың шәй ішу әдеттерімен таныстырса, қазақ студенттері де қазақ халқының шәй ішу ерекшеліктері туралы айтып берді. Студенттер шәйге, шәй ішу дәстүріне қатысты көптеген жаңа сөздер үйренді. Танымдық жағы басым болған бұл отырыс екі елдің студенттеріне де өте пайдалы болды.