ТДМ 16 бағытына сәйкес қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасының аға оқытушысы Ш.А. Шортанбайдың жетекшілігімен 3-ші желтоқсан күні «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3-курс студенттері «Әдеби сынды оқыту» тақырыбында ашық әңгіме сағатын өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – студентке көркем туындыға объективті, ғылыми талдау жасау дағдысын қалыптастыру. Қазақ әдеби сынының тарихы мен даму кезеңдерін меңгерту. Сыншылық ойлау, шығарманы бағалау мәдениетін дамыту. Жазба және ауызша аналитикалық қорытынды жасау қабілетін жетілдіру.

Студенттер өз кезегінде әдеби сын жанрларын жан-жақты талқылады. Әр жанрдың ерекшелігін, қолдану әдістерін және шығарманың көркемдік, философиялық, әлеуметтік мағынасын анықтау жолдары туралы ойларын ортаға салды. Олар шығармаларды эстетикалық, әлеуметтік, тарихи, философиялық және мәдениетаралық тұрғыдан талдап, мысалдар келтіріп, өз пікірлерін дәлелдермен қорғады. Пікірталас интерактивті форматта өтті: сұрақ-жауап, топтық талдау, мәтіндік үзінділер бойынша пікір айту, авторлар концепцияларын салыстыру, алма стикерлерәмен бағалау сияқты әдістер қолданылды. Талқылау барысында студенттердің әдеби-теориялық дайындық деңгейі, мәтінді терең түсіне білу дағдысы және жанрлық құбылыстарға сыни көзқарасы айқын байқалды.

Басқа жаңалықтар