Қытайтану кафедрасының студенті қалалық «Шет тілінің шебері» байқауында үздіктер қатарынан көріндіFarabi University

Қытайтану кафедрасының студенті қалалық «Шет тілінің шебері» байқауында үздіктер қатарынан көрінді

5 желтоқсан, 2025

Қытайтану кафедрасының 2-курс студенті Ақжан Қасымжан Алматы қаласы бойынша өткен «Шет тілінің шебері» атты зияткерлік байқауда жоғары нәтижеге қол жеткізіп, үздіктер қатарында арнайы куәлікке ие болды. Студентті байқауға қытайтану кафедрасының қауымдастырылған профессоры, тәжірибелі әдіскер-ғалым Фатимабибі Ноғайқызы Дәулет дайындаған болатын. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен қажырлы еңбегі нәтижесінде Ақжан байқаудың барлық кезеңдерінде сенімді түрде үздік өнер көрсетті.

Байқау қытай тілінде сұрақ-жауап,  өзін-өзі таныстыру, қытай тілінде таныстыру, қытай тілінде өнер көрсету секілді үш кезеңнен тұрды. Әр кезеңде жоғары деңгейдегі дайындық пен сенімділіктің арқасында Ақжан Қасымжан өзгелерден дараланып, қытайтану кафедрасының абыройын асырды. Оның жетістігі кафедрадағы сапалы білім берудің, тілдік және мәдени дайындықтың жемісі екенін айқын көрсетті. Бұл жеңіс жас қытайтанушы үшін үлкен тәжірибе ғана емес, алдағы кәсіби жолында ынталандыратын маңызды тәжірибе болары сөзсіз. Қытайтану кафедрасы Ақжанның бұл табысын мақтанышпен атап өтеді және болашақта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдіреді.