Таза су-денсаулық кепіліFarabi University

Таза су-денсаулық кепілі

9 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 9 желтоқсанда ТДМ 6 "Таза су және санитария" іске асыру шеңберінде № 17 жатақханада тұратын филология факультеті студенттері арасында жатақханада кураторлық сағат өткізілді.

 Шетел филологиясы және аударма кафедрасының куратор-эдвайзері Нагиятова Л.Б. видео-викторина дайындап, қатысушы студенттер қазақ және орыс тілдеріндегі "су" тақырыбындағы мақал-мәтелдерді толықтырып, тест тапсырмаларын ойын түрінде орындады және электронды аудармашысыз су ресурстарын сақтау туралы сөз тіркестері мен сөйлемдерді орыс тілінен қазақ тіліне және қазақ тілінен орыс тіліне аударуға тырысты.

Студенттер "Таза су және санитария" тақырыбындағы презентацияны талқылады. Іс-шараның мақсаты: жас ұрпаққа таза суға ұқыпты қарау және әсіресе маусымдық вирустық аурулар кезінде санитарияны сақтау қажеттілігін үйрету. Таза су мен санитария - мықты денсаулық пен ұзақ өмірдің кепілі, пікірталастың негізгі мотиві болды.

Шетел филологиясы кафедрасы және аударма ісі

доцент м.а. Нагиятова Л.Б.