Абай және біз”Farabi University

Абай және біз”

10 желтоқсан, 2025

30 қараша күні Филология факультеті, А. Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы Арғынбек Құнанбайұлы Астана қаласындағы OyOrda қауымдастығы шақыртуымен “Абай және біз” атты дәріс оқыды. Дәріске астаналық ойлы оқырман – жас талапкер, ықыласты студенттен зейінді зерттеушілерге дейін қатысты. Дәрісте Абай танымындағы рухани концептілер, хәкімнің ілім қайнар-бастаулары жаңа заман аяқалысымен сабақтастырыла талқыланды. OyOrda Talks-те 80-ге жуық тыңдаушы танымдық куизге, салмақты сауал, ұлттық киімге қатысты байқауларға қатысты. Дәріс тағымылды әңгімеге, әсерлі лебіз бен ән-күйге ұласты.