«Білім беру реформалары және мектеп мәдениеті»
Сәрсенбі күні, 2025 жылдың 3 желтоқсанында «Білім беру реформалары және мектеп мәдениеті» курсы аясында педагогика ғылымдарының докторы, «Педагогика және білім беру менеджменті» кафедрасының ассистент-профессоры Анар Бекетбайқызы Мұқашева «Білім беру менеджменті», «Педагогика және психология» білім беру бағдарламаларының 1 курс магистранттары үшін көшбасшылық лекциясын ұйымдастырды. Көшбасшылық дәрісті Алматы қаласы No70 жалпы білім беретін мектебінің директоры Удуримова Шара Сабырқызы оқыды.
Шара Сабырқызы өз дәрісі барысында мектептегі білім беруде болып жатқан барлық реформаларды, соның ішінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыруды жан-жақты қамтыды. Сондай-ақ, бүгінгі мектеп мәдениетінің ерекшеліктерімен таныстырды. Дәріс ТДМ 17. Тұрақты даму мақсаттары үшін серіктестіктерді қолдау мақсатында өткізілді.
Басқа жаңалықтар