Шығыстану факультетінде сапа менеджменті жүйесі бойынша ішкі аудит өттіFarabi University

Шығыстану факультетінде сапа менеджменті жүйесі бойынша ішкі аудит өтті

11 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 10 желтоқсанда Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасында ректордың №804 бұйрығына сәйкес сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) аясында ішкі аудит жүргізілді.

Аудитті Халықаралық қатынастар факультетінің ассистент-профессоры Тусупова Алмагүл Жағалтайқызы және Шығыстану факультетіне жауапты аға оқытушы Базарқұлова Бақытгүл Көпбайқызы жүргізді.

Аудит барысында кафедра құжаттары номенклатураға сәйкес жан-жақты тексерілді. Құжаттардың өзектілігіне, толықтығына, жүйелілігіне, рәсімделуінің дұрыстығына, сондай-ақ сапаны жақсарту жоспарының орындалуына, оқу-ғылыми және тәрбие жұмыстарының жүргізілуіне ерекше назар аударылды.

Тексеру нәтижесі бойынша кафедра құжаттамасының талаптарға сәйкес рәсімделгені, СМЖ ережелеріне сай екені және елеулі сәйкессіздіктер жоқ екені анықталды. Жұмыс қанағаттанарлық деп танылды.

Кафедра құрметті аудиторларға кәсібилігі, сындарлы ұсыныстары мен әділ бағалауы үшін алғысын білдіреді. Бұл тексеріс Шығыстану факультетінде білім сапасын арттыру жолындағы маңызды қадам болды.

 

 Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасы

Дулаева Э.З.