Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің жоғары оқу орнына дейінгі дайындық кафедрасында «аштықпен күрес» туралы іс-шара өткізілді. Өткізілген шараның мақсаты қазіргі таңда аштық белең алған елдермен танысып, оның себептері мен салдарын анықтап, қазір өмірде пайдаланып жүрген азық-түлікті тиімді пайдалану керектігін түсінеді.
Тыңдаушылар аштық белең алған елдер Африка елдері туралы ақпарат алып, жағдайымен танысып, алдын алу жолдарын қарастырды. Қазіргі таңда Оңтүстік Африкада 21 млн бала аштықтан қырылуы мүмкін екен. Атап айтсақ Малави, Лесото, Намибия, Зимбабве, Замбия елдері құрғақшылық болуына және тағы да басқа мәселелерге байланысты аштық белең алып, кедейшілік режимін жариялаған. Бұл мәселені БҰҰ «толық ауқымды гуманитарлық катастрофаға» айналуы мүмкін екенін айтып отыр.
Осы мәселелерді ескере отырып, аштықты болдырмаудың жолдарын қарастырды. Қазіргі уақытта өмірде пайдаланып отырған барлық ресурстарды, азық-түлікті дұрыс, тиімді пайдалану керектігі туралы өз ойларымен бөлісті. Осы аштық белең алған елдерге қандай көмек көрсетуге болатыны туралы өз ойларын ортаға салды.
Басқа жаңалықтар