«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты патриоттық іс-шара қытайтану кафедрасында өттіFarabi University

«Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты патриоттық іс-шара қытайтану кафедрасында өтті

11 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 10 қаңтарында шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының эдвайзері Сапарбаева Н.Б. магистранттар, докторанттар және 1 курс студенттерінің қатысуымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты патриоттық рухты қалыптастыруға бағытталған мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға кафедра оқытушылары, факультет басшылығы, сондай-ақ басқа жоғары оқу орындарынан келген құрметті қонақтар, студенттер, магистранттар мен докторанттар қатысты.

Оқытушылар тәуелсіздіктің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын айқындайтын мазмұнды пікірлерімен бөлісіп, жас буынға рух берер құнды ойлар айтты. Бағдарлама аясында тәуелсіздік тақырыбындағы баяндамалар тыңдалып, студенттер патриоттық әндер, поэзиялық композициялар мен шағын қойылымдар орындады. Сонымен қатар ел тарихындағы маңызды кезеңдерге арналған бейнесюжеттер көрсетіліп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Іс-шара жылы атмосферада өтіп, жастардың ұлттық сана-сезімін оятуға, тарихи жадыны жаңғыртуға және тәуелсіздік құндылықтарын дәріптеуге бағытталған мағыналы басқосу болды. Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мұндай рухани-жастарлық іс-шаралардың маңызын атап өтті.