ҚазҰУ-да ТДМ 4, 10 және 17 аясында ирантану студенттерін қолдауға арналған ынталандыру шарасы өттіFarabi University

ҚазҰУ-да ТДМ 4, 10 және 17 аясында ирантану студенттерін қолдауға арналған ынталандыру шарасы өтті

11 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 11 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының ирантану бөлімінде ақылы бөлімде оқитын 3-курс студенттерін ынталандыруға бағытталған іс-шара өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің білім алуға деген қызығушылығын арттыру, академиялық белсенділігін қолдау және болашақ мамандардың кәсіби дамуына жағдай жасау. Аталған бастама Тұрақты даму мақсаттарының ТДМ 4 – Сапалы білім беру, ТДМ 10 – Теңсіздікті азайту және ТДМ 17 – Мақсаттар үшін әріптестік аясында жүзеге асырылды.

Іс-шара ирантану бөлімінің түлектері Е.Қ. Қасабекова мен Г.Ж. Омарханованың бастамасымен ұйымдастырылды. Түлектер студенттерді алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ирантанушы түлектер қауымдастығының жылы лебізін жеткізді.

Бағдарлама аясында келесі іс-әрекеттер жүзеге асырылды:

Ақылы бөлімде оқитын 3-курс студенттеріне ынталандыру мақсатында ақшалай сыйлықтар табыстау;

Студенттерге арналған мотивациялық кездесу, онда білім алудың маңызы, кәсіби жауапкершілік және академиялық адалдық мәселелері қозғалды;

«Бір-бірімізді қолдап жүрейік» атты түлектердің ортақ үндеуі, жас мамандарды бірлікке, өзара қолдау мен ынтымақтастыққа шақыру.

Іс-шараға ирантану бөлімінің студенттері мен түлектері қатысты. Бұл бастама студенттер мен түлектер арасындағы институционалдық байланысты нығайтып, академиялық қауымдастық ішіндегі тұрақты әріптестіктің қалыптасуына ықпал етті.

Аталған акция студенттердің білімге қолжетімділігін арттыруға, әлеуметтік қолдау көрсетуге және қауымдастықтың болашақта да осындай игі бастамаларды жалғастыруға дайын екенін көрсетті.