Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты іс-шараFarabi University

Экстремизм мен терроризмнің алдын алу» атты іс-шара

10 желтоқсан, 2025

 

 

 Алматы қаласындағы № 87 жалпы білім беретін мектепбінде, 9, 10 және 11 сынып оқушыларына арналған іс-шара өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты ретінде экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және саналы ойлауды дамыту болды.. Экстремизмнің негізгі белгілері, оның туындауына әсер ететін әлеуметтік-психологиялық факторлар және терроризмнің қоғамға төндіретін қаупі туралы нақты мысалдар келтірілді. Сонымен қатар интернеттегі жалған ақпаратқа сенбеудің, ақпарат көздерін тексерудің және күмәнді діни ағымдарға ермеудің маңызын атап өттік.Оқушыларға өз ортасында бейбітшілік пен өзара құрметті сақтау, түсініксіз немесе қауіпті ұсыныстардан бас тарту, сондай-ақ қандай да бір күмәнді ақпарат немесе әрекет байқалған жағдайда тиісті органдарға хабарлау қажеттігі туралы айтылды. Кездесу барысында балалар белсенділік танытып, сұрақтар қойып, тақырыпқа қатысты өз ойларын ортаға салды. Дәріс соңында оқушылар экстремизм мен терроризмнің алдын алу әр азаматтың жауапкершілігі екенін, ал қауіпсіз қоғам құру білім мен сауатты көзқарастан басталатынын түсінді. Мектеп ұжымы кездесудің маңыздылығын атап өтіп, мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жастар санасын қалыптастырудағы рөлін жоғары бағалады.Одан соң, осындай мәселелерді шешетін әрі қарастыратын мамандықтардың бар екенін алға тартып, сол мамандықтармен таныстырдық. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасында, осы салаға байланыста мамандықтар бар екенін еске салдық.Мысалы дінтану, исламтану мамандықтары осы мәселелерді шешуші мамандар даярлайды.

Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, дінтану мамандығының 1-курс студенті Сайлаубай А.К, жетекшілер; PhD, Тунгатова У.А., PhD, доцент Кантарбаева Ж.У., философия ғылымдарының докторы,профессор Борбасова Қ.М.