Университет қызметкерлері арасында «Өз кәсібінің үздігі – 2025» байқауыFarabi University

Университет қызметкерлері арасында «Өз кәсібінің үздігі – 2025» байқауы

12 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 11 желтоқсанда университет қызметкерлері арасында өткен «Өз кәсібінің үздігі – 2025» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Биыл факультеттердің профессор-оқытушылар құрамынан 16 маман марапатқа ие болды. Олардың қатарында метеорология және гидрология кафедрасының маманы, География және табиғатты пайдалану факультеті кәсіподақ ұйымының төрайымы Сүлейменова Анар Мананқызы бар.

Салтанатты марапаттау рәсімі жеңімпаздар туралы бейнероликтер көрсетілімімен сүйемелденді.

Бұл марапат еңбектің еленгенінің белгісі ғана емес, жаңа жетістіктерге шабыт болсын !