ТДМ -3 "Жақсы денсаулық және әл-ауқат" мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, зоология, гистология және цитология кафедрасының «6В05102-Биология» мамандығының 1 курс студенттерімен (ББ 25-01тобы) «Спорт - салауатты өмір салтын қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын алу» тақырыбында ашық тәрбие шарасын өткізді (видео түсірілім).
Іс-шараның негізгі мақсаты- Салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету. Нашақорлық пен алкогольді теріс пайдалануды қоса алғанда, психоактивті заттарға тәуелділіктің алдын алу мен емдеуді жақсарту және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ) бірі болып табылады.
Психобелсенді заттарды пайдалануды болдырмау - отбасының, мектептің, мемлекеттің, медициналық және әлеуметтік қызметтердің қатысуын талап ететін кешенді міндет.
Ең тиімді шаралар - бұл ерте білім беру, психологиялық салауаттылықты қолдау, салауатты орта құру және мұқтаждар үшін қолжетімді емдеу.

Студенттер іс-шара барысында: табиғаттың адам баласына сыйлаған басты байлығы –денсаулықты сақтаудың басты жолдары –зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғынды.
Бұл шара тек денсаулықты жақсартуға ғана емес, студенттердің бір-бірімен қарым-қатынасын нығайтуға да ықпал етті. Осындай игі бастамалар қоғамымыздың әл-ауқатын арттырып, салауатты өмір салтының маңыздылығын көрсете түседі!
Куратор-эдвайзер: Зорбекова Айгерім Нұрланқызы
Басқа жаңалықтар