Қазақстандық егемендік халықаралық студенттер назарындаFarabi University

Қазақстандық егемендік халықаралық студенттер назарында

12 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 12 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор Еркін Есимұлы Дүйсеновтің «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің негізі — егемендік» тақырыбындағы дәрісі өтті. Дәріс АҚШ-тың «Флагман» академиялық бағдарламасы аясында білім алып жатқан студенттерге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында ұйымдастырылды.

Дәріс барысында Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуының тарихи және саяси қырлары, мемлекеттік институттардың дамуы, сондай-ақ басқару жүйесінің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған қазіргі заманғы реформалар қарастырылды (ТДМ 16 «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар»).

 

Сонымен қатар білім берудің азаматтық жауапкершілікті, жаһандық ойлау мен мәдениетаралық коммуникацияны қалыптастырудағы рөліне ерекше назар аударылды. Бұл дәріс шетелдік студенттер үшін білім беру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған бастамалардың бір бөлігі болды (ТДМ 4 «Сапалы білім»).

АҚШ-тан келген студенттердің қатысуы ашық халықаралық диалог атмосферасын қалыптастырып, қазіргі әлеуметтік-саяси үдерістер бойынша пікір алмасуға және академиялық өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік берді (ТДМ 17 «Тұрақты даму жолындағы әріптестік»).

ҚазҰУ жаһандық бастамаларды қолдай отырып, білім мен тәжірибе алмасуға арналған алаңдар құру арқылы шетелдік білім беру бағдарламаларымен ынтымақтастықты одан әрі дамытып келеді.

 

М.М. Аймагамбетова

шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы