Шове үңгірі туралы көшбасшылық дәрісFarabi University

Шове үңгірі туралы көшбасшылық дәріс

12 желтоқсан, 2025

Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 "Сапалы білім" бағыты аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасында «Франциядағы Шове үңгірі: шамамен 35 000 жыл бұрынғы адамдар мен жыртқыштарды зерттеуге мүмкіндік беретін таңғажайып үңгір» атты көшбасшылық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шараға факультеттің түрлі мамандықтарында оқитын студенттер қатысып, дәрісті қызығушылықпен тыңдады. Дәрісті Шове–Пон-д'Арк зерттеу тобының мүшесі Филипп Фосс жүргізді. Ол үңгірдің ашылу тарихы, 35 мың жыл бұрынғы адамдардың өмірі, палеолит дәуіріндегі жыртқыш жануарлардың бейнелері және үңгірдің ғылыми зерттелу ерекшеліктері туралы кең көлемді ақпарат берді. Қатысушылар Шове үңгірінің археология мен антропологиядағы маңызы, сондай-ақ оны сақтау мен зерттеу бағыттары жөнінде құнды мәліметтер алды.