ТДМ аясында Қытайда білім алу мүмкіндіктері бойынша кәсіби бағдар беру кездесуі өттіFarabi University

ТДМ аясында Қытайда білім алу мүмкіндіктері бойынша кәсіби бағдар беру кездесуі өтті

12 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 11 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің қытайтану кафедрасының PhD докторлары, аға оқытушылар Сапарбаева Н.Б. мен Керимбаев Е.А. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті жанындағы Лингвистикалық колледж студенттерімен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қытай Халық Республикасында оқытылатын білім беру бағдарламалары, академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері және түрлі деңгейдегі гранттар туралы жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де білім алу шарттарын түсіндіру. Кездесу Тұрақты даму мақсаты ТДМ 4 – Сапалы білім беру аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Қытайдың жетекші жоғары оқу орындарында жүзеге асырылатын бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары, Қытай Үкіметінің гранттары, университетішілік және халықаралық стипендиялық мүмкіндіктер, сондай-ақ құжат тапсыру талаптары мен іріктеу кезеңдері туралы нақты мәліметтер ұсынылды.

Іс-шараға қытайтану кафедрасының студенттері, магистранттары мен докторанттары қатысып, өздерінің Қытайда білім алу және тағылымдамадан өту тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар Қытай Халық Республикасынан келген қонақтардың қатысуы кездесуге халықаралық сипат беріп, қатысушыларға Қытайдағы білім беру жүйесі мен академиялық орта туралы тікелей ақпарат алуға мүмкіндік жасады.

Іс-шараға 20-дан астам студент қатысты, олардың қатарында колледж студенттері, ҚазҰУ-дың бакалавриат студенттері, магистранттар мен докторанттар болды.

Аталған кәсіби бағдар беру кездесуі білім алушылардың халықаралық білім беру бағдарламалары мен гранттар туралы хабардарлығын арттырып, сапалы білімге қолжетімділікті кеңейтуге және жастардың академиялық әлеуетін дамытуға елеулі үлес қосты.