«Айтматовтың жаңғырығы: Алатаудан Ұлы Далаға»
Кеше, 2025 жылдың 12 желтоқсанында, Алматы қаласындағы Достық үйінде әлемге әйгілі, қырғыз халқының ұлы жазушысы Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 97 жылдығына арналған «Айтматовтың жаңғырығы: Алатаудан Ұлы Далаға» атты үш бөлімнен тұратын халықаралық конференция өтті.

Конференция келесі бөлімдерді қамтыды:I бөлім – «Айтматов. Тұлға. Дәуір. Гуманизм» тақырыбындағы халықаралық эссе байқауы;II бөлім – «Айтматовтың тірі мәдениеті (живая культура Айтматова)» атты музыкалық-поэтикалық бағдарлама;III бөлім – «Айтматовтың жаңғырығы: Алатаудан Ұлы Далаға» атты халықаралық ғылыми конференция.

Бұл конференцияға Қырғызстан, Қазақстан, Түркия, Вьетнам, Ресей (Тюмень), Өзбекстан, Ұлыбритания (Лондон) және Чехиядан келген ғалымдар, әдебиеттанушылар мен мәдениет қайраткерлері ( онлайн және офлайн) қатысты. Сонымен қатар аталған елдердің университеттерінің профессорлары мен студенттері, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінің шет тілдері кафедрасының оқытушылары, сондай-ақ Айтматов шығармашылығының жанкүйерлері ұлы жазушының мұрасын әлемдік деңгейде дәріптеді.
Университетіміздің студенттері де «Айтматов. Тұлға. Дәуір. Гуманизм» тақырыбындағы халықаралық эссе байқауына белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болды.Атап айтқанда, Бауыржанқызы Альмира — журналистика факультетінің 4-курс студенті және Тағайбек Мерей ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курс студенті I дәрежелі дипломдармен, ал Жолдасбаев Ислам ақпараттық технологиялар факультетінің 1-курс студенті II дәрежелі дипломмен марапатталды. Осы кең ауқымды халықаралық конференцияда шет тілдері кафедрасының аға оқытушысы Гайипова Гулипа Абдырайимқызы модератор болды.

Басқа жаңалықтар