«Бухгалтерия және салықтар: ел экономикасын ұстап тұрған мамандық» тақырыбында қонақи дәрісFarabi University

«Бухгалтерия және салықтар: ел экономикасын ұстап тұрған мамандық» тақырыбында қонақи дәріс

21 қараша, 2025

2025 жылдың 20 қарашасында ЭжБЖМ базасында, ТМД 4, 8, 17 бағыттары аясында «Бухгалтерлік есеп» және «Қаржы» мамандықтарының 1 курс студенттеріне арналған «Бухгалтерия және салықтар: ел экономикасын ұстап тұрған мамандық» тақырыбында қонақи дәріс өтті.

Іс-шараның спикері – Қазақстан Республикасының аудиторы, салық консультанты, кәсіби бухгалтер, ILYAS & Group аутсорсинг компаниясының директоры Разакова Нурсулу Ибрагимовна болды.

Нурсулу Ибрагимовна бухгалтерлік есеп пен салық салу саласындағы мол тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби қызметінен алынған нақты кейстерді ұсынды. Лекция барысында бухгалтер мен қаржыгердің қаржылық процестердің ашықтығын қамтамасыз етудегі, тәуекелдерді төмендетудегі және бизнес пен мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қалыптастырудағы маңызды рөлі жан-жақты түсіндірілді.

Спикердің мазмұнды және тәжірибеге негізделген баяндамасы студенттерге таңдап отырған мамандықтың маңызын көрсетті және олардың қызығушылығын арттырып, белсенді пікірталасқа түрткі болды.

Кездесуді ұйымдастырушылар – Сартова Р.Б., Сатыбалдиев Жанибек.