«Қытай тілі бұрышында» Қытайдың дәстүрлі өнері таныстырылды
15 желтоқсан, 2025
Қытайтану кафедрасының жанындағы «Жібек жолы» үйірмесі аясында ұйымдастырылатын «Қытай тілі бұрышы» өз жұмысын жүйелі түрде жалғастыруда. 1-курс студенттеріне арналған кезекті танымдық отырыс куратор-эдвайзер Байсерке Айжанның жетекшілігімен өтті.
Іс-шара барысында білім алушылар Қытайдың дәстүрлі қағаз қию өнерімен танысып, оның шығу тарихы мен мәдени маңызы туралы құнды мәліметтер алды. Қытай студенттері қағаз қию өнерінің ерекшеліктері мен орындалу тәсілдерін көрсетсе, қазақ студенттері ұлттық ою-өрнек өнерін таныстырды.
Кездесу студенттердің ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, мәдениетаралық танымын кеңейтуге және қытай мәдениетін тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.
Басқа жаңалықтар
18 желтоқсан, 2025
18 желтоқсан, 2025
18 желтоқсан, 2025