15 ЖЕЛТОҚСАН – ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІ КҮНІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ТІЛ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚFarabi University

15 ЖЕЛТОҚСАН – ДҮНИЕ ЖҮЗІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІ КҮНІ ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ БОЛАШАҒЫ: ТІЛ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

15 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 15 желтоқсанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде Дүниежүзі түркі тілдері күніне орай, тұрақты даму мақсатында сапалы білім бағдарламасы бойынша «Түркі тілдерінің тағдыры: жаһандану жағдайындағы сақталу мәселелері және халықаралық ғылыми ынтымақтастық» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Аталған ғылыми жиын түркі тілдерінің қазіргі даму үдерістерін, оларды сақтаудың өзекті мәселелерін және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың маңызын талқылауға арналған мазмұнды диалог алаңына айналды. Жаһандану жағдайында тілдік мұраны сақтау мәселесі ғылыми қауымдастық назарындағы маңызды тақырыптардың бірі ретінде кеңінен қозғалды.

 

Іс-шараны Шығыстану факультетінің деканы, профессор Эгамбердиев Мырзахан Шарипбайұлы жүргізді. Оның ғылыми-ұйымдастырушылық тәжірибесі дөңгелек үстелдің жоғары деңгейде өтуіне және мазмұнды пікір алмасуға ықпал етті.

 

Дөңгелек үстел барысында отандық және шетелдік ғалымдар мазмұнды баяндамалар жасап, өз ғылыми көзқарастарын ортаға салды. Атап айтқанда, Түркия Республикасының консулдығының ресми жолдамасы негізінде қатысқан профессор Саваш Шахин, сондай-ақ түркітану саласының белгілі мамандары доцент-зерттеуші ф.ғ.д. Сүйерқұл Ботагөз Мырзабайқызы мен аға оқытушы PhD Қуанышбаев Ержан Айтуұлы түркі тілдерінің болашағы мен ғылыми ынтымақтастықтың өзекті бағыттары жөнінде ой бөлісті.

 

 

Іс-шара түркі халықтарының тілдік мұрасын сақтауға бағытталған ғылыми бастамаларды қолдаумен қатар, халықаралық әріптестікті нығайтуға және жас зерттеушілердің академиялық әлеуетін арттыруға мүмкіндік берді. Бұл дөңгелек үстел әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың түркітану саласындағы ғылыми беделін айқындайтын маңызды алаң ретінде бағаланды.

  

Әбілдаев Ж.Ә.

 

Кыркымбекова А.Т.