- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Түркі тілдері: жаһандану дәуіріндегі түркі тілдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел
«Түркі тілдері: жаһандану дәуіріндегі түркі тілдері» тақырыбындағы дөңгелек үстел
2025 жылдың 15 желтоқсанында Түркітану және тіл теориясы кафедрасында «Түркі тілдері: жаһандану дәуіріндегі түркі тілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, оқытушы Серікқазықызы Ақбота және «6B02209 - Түркітану» мамандығының 3-курс студенттері ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты – жаһандану жағдайында түркі тілдерінің дамуы, сақталуы мен қолданыс аясын кеңейту мәселелерін талқылау, студенттердің тілдік және мәдени сана-сезімін арттыру.
Іс-шара барысында қатысушылар түркі тілдерінің қазіргі ахуалы, цифрлық кеңістіктегі орны, көптілділік жағдайындағы даму перспективалары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, түркі тілдерін сақтау мен насихаттауда білім беру мен ғылыми зерттеулердің маңызы атап өтілді.
Дөңгелек үстел қорытындысында студенттер жаһандану үдерісінде түркі тілдерін сақтаудың өзектілігін түсініп, тілдік мұраны қорғауға бағытталған ұсыныстарын ортаға салды.
Ұйымдастырушылар: Серікқазықызы Ақбота, «6B02209 - Түркітану» мамандығының 3-курс студенттері.