«Сапалы білім: Қазақстан және әлем - сын-тегеуріндер мен болашағы»Farabi University

«Сапалы білім: Қазақстан және әлем - сын-тегеуріндер мен болашағы»

12 желтоқсан, 2025

2025 жылдың 12 желтоқсаны 2-курс бакалавр студенттерімен ашық тәрбие сағаты өткізілді. Іс-шараны «8D01705- Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1 курс докторанттары Ержанова А.Е., Айсагалиева А.Т. және кафедраның аға оқытушысы Кайбулдаева А.З. ұйымдастырды.

    Сабақ барысында студенттер SDG 4 аясында жаһандық және ұлттық білім сапасының маңызын талқылап, топтық жұмыс арқылы өзекті мәселелер мен ықтимал шешімдерді ұсынды. ЮНЕСКО бейнематериалы негізінде рефлексия жүргізіліп, болашақ мұғалімдердің білім сапасын арттырудағы рөлі айқындалды.

      Студенттер шағын топтарға бөлініп, берілген тақырыптар бойынша мини-постерлер жасап, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара студенттердің сыни ойлау, коммуникация және командада жұмыс жасау дағдыларын дамытуға ықпал етті.
     Ұйымдастырушылар: түркітану және тіл теориясы кафедрасының  аға оқытушысы Кайбулдаева А.З., және «8D01705 - Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы 1  курс докторанттары Ержанова А.Е.,Айсагалиева А.Т.