Қытай студенттері орыс әдебиетін қалай оқидыFarabi University

Қытай студенттері орыс әдебиетін қалай оқиды

12 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде мыңдаған шетелдік студенттер білім алады. Университетте 40 жылдан астам уақыт бұрын құрылған Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті шетелдік тыңдаушыларға бір жыл бойы орыс немесе қазақ тілдерін оқытып, кейін оларды университеттің басқа факультеттеріне дайындау үшін арнайы ашылған. Мысалы, Қытай Халық Республикасынан келген студенттердің орыс тіліне, орыс мәдениетіне және орыс әдебиетіне деген қызығушылығы жоғары. Сондықтан, орыс тілінің грамматикасын үйрете отырып, ТДМ №4 – «Сапалы білім» аясында біздің оқытушылар орыс әдебиетінің классиктерін көмекке алады. Сабақ барысында біз шетелдіктердің барлығы білетін А.С. Пушкиннің шағын шығармаларын қолдануға тырысамыз.

Қытайлық студенттер септік жүйесінің не екенін біліп, зат есім мен сын есімдердің жалғауларын дұрыс өзгертіп, етістіктің шақтарын меңгергеннен кейін біз А.С. Пушкиннің өте танымал әрі тамаша «Я вас любил…» өлеңін оқи аламыз. Әрине, барлық сөздер қытай студенттеріне түсінікті бола бермейді, бірақ олар өз мәтіндерін құрап, осы ұлы ақынның шығармасын мағынасын сақтай отырып аударып көреді. Студенттер бұл шағын ғана шығарманың терең философиялық мәнін түсінген кезде олардың қуанышында шек болмайды.

 

ЖОО дейінгі білім беру факультетінің

оқытушылары Р.С. Төребекова, М.П. Ешимов