«Тәуелсіздік. Тағзым. Жауапкершілік»
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, тұрақты дамуға және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыруға ерекше мән беріледі. 2025 жылғы 16 желтоқсанда ТДМ-11 аясында (қауіпсіздік, тұрақтылық және қауымдастықтардың өміршеңдігін қамтамасыз ету) және э.ғ.д. Үскеенова А.Т.-ның №16 жатақханада кезекшілік атқаруы шеңберінде «Тәуелсіздік пен тағзым: тұрақты болашақ үшін жауапкершілік» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараны ұйымдастыру – бұл тек алдын алу және тәртіпті сақтау шарасы ғана емес, сонымен қатар қауіпсіз әрі ашық университеттік кеңістікті қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі. Тұрақты даму мақсаттарының 11-мақсатына арналған іс-шара барысында студенттердің өмір сүруіне қолайлы, экологиялық жауапты және өміршең орта құру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бүгінгі таңда университет жатақханасы – өзара құрмет, жауапкершілік және білім алушылардың белсенді қатысуы маңызды болып табылатын заманауи қалалық кеңістіктің үлгісі.
Мұндай бастамалар қауіпсіздік мәдениетін дамытуға, әлеуметтік жауапкершілік деңгейін арттыруға және студенттер мен әкімшілік арасындағы өзара диалогты нығайтуға ықпал етеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://farabi.university/ тұрақты даму қағидаттарын дәйекті түрде іске асыра отырып, болашақтың қауіпсіз әрі жайлы қалаларын қалыптастыруға өз үлесін қосып келеді.
э.ғ.д. Ускеленова А.Т.
«Бизнес Технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы
ЭжБЖМ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.