- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қолданбалы энзимология» пәнін оқу траекториясында «06В05103 – Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттерімен ТДМ шеңберінде ТДМ 3. «Салауатты өмір салтын ұстану және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру проблемаларын шешудегі энзимологияның мүмкіндіктері мен үлесі» тақырыбында дәріс жүргізілді.
«Қолданбалы энзимология» пәнін оқу траекториясында «06В05103 – Биотехнология» мамандығының 3 курс студенттерімен ТДМ шеңберінде ТДМ 3. «Салауатты өмір салтын ұстану және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру проблемаларын шешудегі энзимологияның мүмкіндіктері мен үлесі» тақырыбында дәріс жүргізілді.
Іс-шараның мақсаты: Студенттерге проблемаларды шешуде биотехнология мен энзимологияның жетістіктерін қолдану мүмкіндіктерін түсіндіру, салауатты өмір салтын қамтамасыз ету және барлық жастағы адамдардың әл-ауқатына ықпал ету.
Х.ғ.д., профессор Шоинбекова С. А. Іс-шараны ашып, баяндама жасады. Осы бағдарламаның пайда болу тарихын айтып, «Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасының мәнін түсіндірді. Ары қарай студенттердің баяндамалары тыңдалды: «Салауатты өмір салты - заманауи жастардың денгейі»; «Жаман әдеттер және адам денсаулығы»; «Әлеуметтік ауруларды диагностикалау мен емдеудегі энзимологияның рөлі»; «Энзимодиагностика мен энзимотерапияның қазіргі дамуы»; «ТМД 3 шешіміндегі Биотехнологияның үлесі: гендік инженерияда ферменттерді қолдану».
Студенттер халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді, энзимологияның осы мәселені шешуге қосқан үлесін үлкен қызығушылықпен талқылады, таза су тапшылығы, қоршаған ортаны қорғау, спортқа және салауатты өмір салтына тарту мәселелерін талқылады. Белсенді пікірталас өтті.
|
|
|
|
|
|
Басқа жаңалықтар




