- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Аяқ киім ізінің үздік гипсті қалпы» халықаралық байқауының марапаттау салтанаты
«Аяқ киім ізінің үздік гипсті қалпы» халықаралық байқауының марапаттау салтанаты
«Аяқ киім ізінің үздік гипсті қалпы» халықаралық байқауының марапаттау салтанаты
2025 жылдың 5 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында БҰҰ-ның «Инклюзивті және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету және баршаның өмір бойы білім алу мүмкіндіктерін көтермелеу» Тұрақты даму мақсаттарының 4-тармағын іске асыру аясында, заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының профессор-оқытушы құрамы ұйымдастырған «Аяқ киім ізінің үздік гипсті қалпы» халықаралық байқауының марапаттау салтанаты өтті.
Байқау 2025 жылдың 6-17 қазан аралығында 6В12301 «Құқық қорғау қызметі» және 6В04205 «Құқықтану» білім беру бағдарламалары бойынша 3 және 4 курс студенттері арасында өткізілді.
Байқауға келесі жоғары оқу орындарының студенттері қатысты:
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті;
- «Тұран» университеті;
- Қонаев университеті;
- М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Зерттеу университеті;
- Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университеті Алматы филиалы;
- Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті;
- Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті.
Байқау қорытындысы бойынша 7 университеттен 90-нан астам топтық жұмыс нәтижелері келіп түсті. Олардың ішінен 48 диплом марапаттау салтанатына ұсынылды. Байқаудың жеңімпаздарына Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Н.С. Темірболат арнайы I, II және III дәрежелі дипломдар табыс етті.
Ұйымдастырушылар барлық студенттерді байқауға қатысқанымен құттықтап, олардың ғылыми зерттеулерін, еңбекқорлығын және табандылығын жоғары бағалады. Болашақта табыс пен жеңістер тілейміз!
