- Басты бет
- Жаңалықтар
- Дактилоскопия мен дактилоскопиялық сараптаманың заманауи мүмкіндіктері халықаралық байқауының салтанатты марапаттау
Дактилоскопия мен дактилоскопиялық сараптаманың заманауи мүмкіндіктері халықаралық байқауының салтанатты марапаттау
Дактилоскопия мен дактилоскопиялық сараптаманың заманауи мүмкіндіктері халықаралық байқауының салтанатты марапаттау
2025 жылдың 5 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында «Әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету» Тұрақты даму мақсатының 4-тармағын іске асыру барысында, ҚазҰУ Заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «сарапшы-криминалист» студенттік ғылыми үйірмесі ұйымдастырған «Дактилоскопия мен дактилоскопиялық сараптаманың заманауи мүмкіндіктері» атты халықаралық байқаудың салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Байқау 2025 жылдың 17-29 қарашасы аралығында 6В12301 «Құқық қорғау қызметі» және 6В04205 «Құқықтану» білім беру бағдарламаларының 3 және 4 курс студенттерінің қатысуымен екі кезеңнен өтті.
Байқауға еліміздің және шетелдің жоғары оқу орындарынан 150-ден астам студент қатысты. Олардың арасында:
- «Тұран» университеті;
- Қонаев университеті;
- Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті;
- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті;
- Санкт-Петербург кәсіподақтар гуманитарлық университеті Алматы филиалы;
- Алматы гуманитарлы-экономикалық университеті;
- Бердақ атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университеті сияқты жетекші оқу орындарының студенттері болды.
Сонымен қатар, Қонаев университеті мен Туран университетінің студенттері өздерінің университетерінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ұжымымен ұйымдастырылған байқауға 60-тан астам студент қатысып, өз білімдерін сынады.
Байқау нәтижелері бойынша жеңімпаздарға I, II және III дәрежелі дипломдар табысталды.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға дактилоскопияға деген қызығушылықтары үшін алғыс айтып, оларға оқуда және кәсіби қызметте табыс тіледі.
