Осы қорытынды жиналыс аясында есеп берген Филология және әлем тілдері факультеті деканы Өмірхан Әбдиманұлы «Әлихан Бөкейханов және Алаш мұрасы» атты әл-Фараби кітапханасы ғимаратында өткен конференцияға ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова, Алматы қаласының әкімі Б.Қ. Байбек, Парламент Сенатының депутаты, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы Н.М. Оразалин, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғ.М. Мұтанов және бірнеше жоғары лауазымды тұлғалармен қатар, ғылыми зерттеу инститтутарының қатысумен өткен осы конференцияның жалпы барысы мен қарарын баяандады. «Әлихан алаштың көсемі, ұлы тұлға, біз бұрын Әлихан Бөкейхановты саясаткер деп келсек енді осы конференциядан кейін оның әдбеиетке қосқан үлесінің аса жоғары екендігін бағаладық. Енді бізде университте Әлиханның тұлғалық болмысына қатысты элективті пән енгізу жоспары бар. Сонымен бірге тарихшы Талас Омарбеков ағамыз осы конференцияда өз ұсынысын айтты. Әлиханға көше аттары берілген, ескерткіші орнату керек деп. Сондай-ақ бүгін өшкеніміз жанып, өлкеніміз тірлендей күн Әлиханды Халықаралық деңгейде оның әр бағыттағы еңбектерін талықылаумен бірге алашытың «Айқап» журналының бірінші санының тұсауын кестік деді.
Ал әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтанов «Әлихан алаштың көсемі, белді саясаткер өткен ғасырдың басында қазақ ел болып қалама, жоқпа деген тұста Әлихан бастаған алаш ардақтылары ел мен жер үшін жар құлағы жастыққа тимей жұмыс жасады. Олар осындан тура 115 жыл бұрын Мұхаметжан Сералин бас болып шығарған «Айқап» журналына алаштың елдігі мен бірлігі жайында мақалалар жазып, пікір алмасты. Міне бүгін біз «Айқап» журналының қайтадан тұсауын кесіп отырмыз. Бірінші саны қазақ тілінде жарық көрді. Оған осы жолғы ІІІ халықаралық Фараби оқуларына қатысқан барлық беделді ғалымдардың сұхбаты жарияланды. Журнал болашақта қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде шығатын болады, бұл біздің әлемдік деңгейге көтерілуміз үшін керек. Өткен ғасырда Әлихан Бөкейханов бастаған алаш ардақтылары қазақтың елдігін аңсаған болса, біз бүгін олардың арманына қол жеткізген тәуелсіз еліміз. Енді осы тәуелсіздікті қалай сақтап қаламыз, іргемізді қалай бекемдейміз, ұрпаққа не аманаттаймыз ? деген сұрақ барлығымыздың назармыздан ешқашан тыс қалмау керек. Сондықтан бұл журналға тек әдебиет пен саясат саласындағы ғана емес барлық бағыттағы ғалымдар ат салысуларыңыз үміт етемін.
Әлібек Ыдырыс