- Басты бет
- Жаңалықтар
- Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының кураторлары студенттер жатақханасына барды
Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының кураторлары студенттер жатақханасына барды
2025 жылғы 31 қазан күні Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасының аға кураторы және кураторлар тобы студенттердің тұрмыс жағдайымен танысу мақсатында студенттер жатақханасына барды.
Кездесу барысында кураторлар студенттердің тұрмыс-тіршілігімен, оқу үдерісімен және бос уақытын тиімді өткізу жағдайларымен танысты. Сондай-ақ, жастардың әлеуметтік-психологиялық жағдайы, қауіпсіздік ережелерін сақтау және жатақханадағы тәртіп мәселелері талқыланды.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтар мен ұсыныстарын айтып, кураторлармен еркін пікір алмасты. Мұндай кездесулер студенттер мен кураторлар арасындағы байланыс пен сенімді нығайтып, оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға мүмкіндік береді.
Іс-шараның мақсаты: студенттердің әлеуметтік жағдайына назар аудару, оқу ортасында қолайлы ахуал қалыптастыру және тәрбиелік жұмысты жандандыру.
Филос.ғ.к., доцент Ашекеева Қ.Н.