«Болашақ көшбасшысы» зияткерлік викторинасы: студенттердің саяси ой-өрісін дамытуға бағытталған іс-шараFarabi University

«Болашақ көшбасшысы» зияткерлік викторинасы: студенттердің саяси ой-өрісін дамытуға бағытталған іс-шара

26 қараша, 2025

2025 жылдың 26 қарашасында Саясаттану және саяси технологиялар кафедрасында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №4 – «Сапалы білім беру» және №16 – «Бейбітшілік, әділдік және мықты институттар» бағыттары аясында «Саясаттану» мамандығының 1-курс студенттері арасында «Болашақ көшбасшысы» атты зияткерлік викторина өтті.

Викторинаның негізгі мақсаты – студенттердің интеллектуалдық белсенділігін арттыру, саяси сауаттылығын тереңдету және көшбасшылық қабілеттерін дамыту болды. Сонымен қатар, ойын барысында қатысушылардың логикалық ойлау, теориялық білімді қолдану және жедел шешім қабылдау дағдылары бағаланды.

Зияткерлік ойын 6 турдан тұрды. Тапсырмалар саясаттанудың негізгі бағыттарын қамтыды: саяси институттар, соғыс және бейбітшілік мәселелері, саяси партиялар мен қозғалыстар, демократия теориясы, әлемдік және ұлттық саяси қайраткерлер, көрнекті саяси ойшылдардың идеялары.

Студенттер әр кезеңде түрлі деңгейдегі сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін, талдау қабілеттерін және саяси процестерді түсіну деңгейін көрсетті. Турлар қызықты әрі бәсекелі форматта өтті.

Жалпы қорытынды бойынша ең жоғары ұпай жинаған «Марксистер» тобы жеңімпаз атанып, «Нағыз көшбасшы» атағына ие болды. Іс-шара достық атмосферада өтіп, студенттердің білім алмасуы мен шығармашылық белсенділігін арттыруға ықпал етті.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар: филос.ғ.к., доцент Ашекеева Қ.Н.,
«Саясаттану» мамандығының 1-курс магистранттары.