Scopus базасында жарияланған ғылыми мақалаFarabi University

Scopus базасында жарияланған ғылыми мақала

25 сәуір, 2025

Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушы-профессорлар құрамы Әбікенов Жарқынбек, Сыздықова Махпал, Әбдіраманова Айгүл, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы Құдайбергенов Серғазы бірлесіп дайындаған «The Role of Religious Spirituality in the Social Development of Public Consciousness: An Approach to Interpersonal Relationships in Kazakhstan» атты ғылыми мақала 25 сәуір 2025 жылы Scopus дерекқорына енген Journal of Islamic Thought and Civilization халықаралық ғылыми журналында жарияланды.

Мақалада Қазақстан қоғамындағы қоғамдық сананың әлеуметтік дамуына діни руханияттың ықпалы, тұлғааралық қатынастардың мәдени-рухани негіздері және олардың әлеуметтік әділеттілік пен қоғамдағы теңсіздікті төмендетудегі маңызы жан-жақты талданады.