"Қаржы" ББ студенттері ТДМ іске асыру бойынша қайырымдылық акциясына қатысты
Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын, атап айтқанда ТДМ 1 «Кедейлікті жою» мақсатын іске асыру аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Қаржы» БББ-ның 3 және 4 курс студенттері өз бастамаларымен әлеуметтік осал топтарды қолдауға бағытталған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара декан Ж.Ж. Ермекованың және «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Р.Б. Сартованың қолдауымен өтті, бұл академиялық қауымдастықтың әлеуметтік жауапкершілігі мен қоғам үшін маңызды мәселелерді шешуге белсенді қатысуының маңыздылығын айқындайды.
Кураторлар Кукиев А.Ж. және Кыздарбекова А.С. жетекшілігімен студенттер қаражат жинап, жиналған қаражатқа екі аз қамтылған отбасыға алғашқы қажеттіліктегі азық-түлік өнімдерін сатып алды. Аталған акция студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын, әлеуметтік жауапкершілігін және қоғам мәселелеріне бейжай қарамайтынын көрсетті.
Мұндай бастамалар білім алушылардың бойында әлеуметтік ынтымақтастық, өзара көмек және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етіп, білім беру ортасында тұрақты даму қағидаттарының іс жүзінде жүзеге асырылуын айқын көрсетеді.
Университет әкімшілігі студенттер мен кураторларға бастамашылдығы, жоғары әлеуметтік жауапкершілігі және Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.