Ғылыми ынтымақтастық және тұрақты даму: халықаралық конференциядағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының қатысуыFarabi University

Ғылыми ынтымақтастық және тұрақты даму: халықаралық конференциядағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғалымдарының қатысуы

10 желтоқсан, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, ЭБЖМ ғалымдары Әзірбайжанның Баку қаласындағы UNEC университетінде өткен II International Conference of Researchers on Economics and Social Sciences (ICRESS) under the theme “Sustainable development and Innovation economy” халықаралық конференциясына қатысты. Конференцияда Әзірбайжан, Қазақстан, Түркия, Мажорстан, Қытай, Өзбекстаннан келген профессорлар, зерттеушілер мен сарапшылар бас қосты. Іс-шараның ашылуында UNEC ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры, профессор Ровнаг Рзаев жылдам өзгеретін жаһандық ортада ғылыми зерттеулерді күшейтудің ерекше маңыздылығын атап өтті. Ол конференцияның ғылыми ынтымақтастыққа септігін тигізетініне сенім білдірді және қатысушылардың конференцияға деген қызығушылығын жоғары бағалады. Іс-шараның пленарлық мәжілісінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ атынан ЭБЖМ, Экономика кафедрасының меңгерушісі Ғалия Рахметовна Даулиева «Human capital as the foundation for developing entrepreneurial potential: ESG principles, startup infrastructure, and digital transformation» тақырыбында баяндама жасап, халықаралық алаңда ғылыми зерттеудің аралық нәтижелеріне назар аударды. Ол өз сөзінде Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ үшін басым және стратегиялық маңызды тақырып екенін баса айтып, университеттің ғылыми бағыттарды белсенді дамытып, бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асырғанын, осы арқылы университеттің Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда жаһандық күн тәртібіне қосып отырған ғылыми, білім беру және тәжірибелік үлесінің артып келе жатқанына тоқталды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық ғылыми алаңдағы белсенді қатысуы университеттің халықаралық ғылыми ынтымақтастығын кеңейтуге, ғылыми имиджін нығайтуға және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған ауқымды қадам болып табылады. Конференцияға қатысу ЖТН AP23489032 «Қазақстан өңірлерінде табыс теңсіздігі және кедейлік деңгейін төмендетуге шағын және орта кәсіпкерліктің әсерін әлеуметтік турбуленттіліктің жергілікті тәуекелдерін азайту тұрғысында зерттеу» ғылыми жобасын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылды.