- Басты бет
- Жаңалықтар
- Мини-дәріс «STEM және IT саласындағы әйелдер» БҰҰ-ның ТДМ-5 «Гендерлік теңдік» аясында
Мини-дәріс «STEM және IT саласындағы әйелдер» БҰҰ-ның ТДМ-5 «Гендерлік теңдік» аясында
2025 жылғы 19 желтоқсанда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының №5 – «Гендерлік теңдік» аясында «STEM және IT саласындағы әйелдер» тақырыбында мини-дәріс өткізілді. Іс-шараға сыртқы тыңдаушылар ретінде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері мен оқытушылары қатысты.
Дәрісті Сәуле Жұмақанқызы Маусумбекова, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-математика факультетінің Математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының қауымдастырылған профессоры жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – қыздар арасында STEM және IT бағыттарын кеңінен насихаттау, ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметке қызығушылықты арттыру. Дәріс барысында ғылым мен технологиядағы әйелдердің рөлі, STEM салаларындағы табысты кәсіби жолдар, сондай-ақ студенттердің ғылыми жобаларға, халықаралық бағдарламаларға және академиялық ұтқырлыққа қатысу мүмкіндіктері талқыланды.
Мини-дәріс гендерлік стереотиптерді еңсеру, кәсіби уәжді қалыптастыру және ғылым мен технология саласында тең мүмкіндіктерді дамыту мәселелеріне арналды. Іс-шара тыңдаушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, тұрақты даму және гендерлік теңдік бағытында жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.
МКМ кафедрасы
Басқа жаңалықтар