«Тәуелсіздік жолы»Farabi University

«Тәуелсіздік жолы»

12 желтоқсан, 2025

2025 жылғы 12 желтоқсанда физика-техникалық факультетінің «Физика» мамандығының 1-курс студенттерімен Тарих факультеті, Қазақстан тарихы кафедрасының доцент м.а. А.О. Қошымованың жетекшілігімен Тәуелсіздік күніне арналған «Тәулсіздік жолы» атты ақпараттық-танымдық іс-шара өткізілді. Бұл шара Тұрақты даму мақсаттарының «4.Сапалы білім» бағыты аясында ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттердің тарихи санасын кеңейту, Қазақстан Республикасының егемендікке қол жеткізу жолындағы маңызды кезеңдермен таныстыру және тәуелсіздік құндылықтарының мәнін терең түсіндіру болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға тәуелсіздікке апарған тарихи үдерістер мен оқиғалар хронологиялық тұрғыдан түсіндіріліп, егемендіктің қалыптасу кезеңдері жан-жақты талданып көрсетілді. Сонымен қатар, жиын әнұранның шырқалуымен ашылып, мерекелік атмосфераны күшейтті.

Студенттердің белсенді қатысуын арттыру мақсатында тәуелсіздік тарихына қатысты сұрақ-жауап форматындағы танымдық ойындар ұйымдастырылды. Бұл әдіс студенттердің қығызушылығын оятып, тарихи деректерді меңгеруіне ықпал етті.

Жалпы алғанда, «Тәуелсіздік жолы» іс-шарасы жастардың ұлттық тарихқа деген қызығушылығын арттырып, егемендіктің құндылығын тереңінен түсіндіруге бағытталған мазмұнды білім беру алаңы болды.