Қытайтану кафедрасының магистарнты жүлделі болды
2025 жылдың 19 желтоқсан күні ҚР Ұлттық кітапханасының 115 жылдығына арналған «Жүлгесі үзілмеген 115 жыл» Республикалық ақындар мүшәйрасында Қытайтану кафедрасының 1 курс магистранты Махаш Әлихан Р.Бердіғалиев атындағы арнайы жүлдеге ие болды. Табысталған дипломда сіз Ұлттық кітапхананың ғасырдан аса тарихын жырлып, кітапханашы еңбегінің қадірін арттырдыңыз. Қаламыңыздан төгілген өлең ұлттық руханияттың арнасын кеңейтіп, кітап пен білімнің маңызын оқырман жүрегіне жеткізе түсті деп жазылған. Дипломмен қоса Әлихан 50 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы жеңіп алды. Жүлдені ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Ғазиза Нұрғалиева табыстады.
Әлиханға қаламыңнан жыр үзілмесін, поэзия жолындағы ізденісіңіз жемісті болсын деген тілек айтамыз.