Әлеуметтік желілердің адам психологиясына әсеріFarabi University

Әлеуметтік желілердің адам психологиясына әсері

5 желтоқсан, 2025

ҚазҰУ, Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасы

Археология, этнология және музеология кафедрасында 1-курс «Этнология/Антропология және мәдени антропология» мамандығының студенттері үшін куратор Әбдінасыр Назира Нұрқожақызының жетекшілігімен «Әлеуметтік желілердің адам психологиясына әсері» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шара барысында әлеуметтік желілердің жастар санасына ықпалы, виртуалды коммуникацияның адам мінез-құлқы мен эмоционалдық жағдайына әсері, сонымен қатар ақпараттық мәдениет пен медиасауаттылықтың маңызы талқыланды. Студенттер өз ойларымен бөлісіп, цифрлық ортада өзін реттеу, денсаулыққа зиян келтірмей пайдалану жолдары жөнінде пікір алмасты.

Тәрбие сағатының мақсаты – студенттердің ақпараттық кеңістікте жауапкершілікпен әрекет етуін қалыптастыру, психологиялық иммунитетін күшейту және сауатты медиақолданушы болуға бағыттау.