Тұрақты даму Мақсаттарының (ТДМ) №1 «Кедейлікті жою» бағытын жүзеге асыру аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде түрлі әлеуметтік-білім беру бастамалар қолға алынуда. Әлеуметтік осал топтарды қолдау, инклюзивті білім беруді дамыту және аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған іс-шаралар аясында қайырымдылық акцияларын, оқу тренингтері мен ағартушылық іс-шаралар өткізілді.
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының аға оқытушысы Садырова Гульбану Ауесхановна “Экология” мамандығының 3 курс студентіне спонсорлық көмек көрсетті. Бұл көмек студентке оқуға көңіл бөлуге және экологиялық мәселелерді шешу бойынша ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға мүмкіндік береді.