Дана Ахметжанова ЮНИСЕФ-тің Орталық Азиядағы жастар әріптестері тобының мүшесі
13 желтоқсан, 2025
ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму кафедрасының докторанты Дана Ахметжанова ЮНИСЕФ-тің Орталық Азиядағы жастар әріптестері тобының мүшесі болып, бірқатар кездесулерге қатысты.
Дана volunteers4climate бастамасы мен UniSat S4G & Climate бағдарламасының белсенді қатысушысы. 3-5 қыркүйекте Ыстамбұлдағы NDC 3.0 климат форумында CA YPG атынан жастар эксперті ретінде баяндама жасады.
Сонымен қатар, Дана ЕҚЫҰ-ның Астанадағы қоршаған орта бойынша көшбасшылық бағдарламасына Орталық Азиядан 25 маманның бірі ретінде шақырылды, бағдарлама таулы аймақтардағы мұздықтар мен табиғи апаттарды басқаруға арналды.
Басқа жаңалықтар
11 наурыз, 2026
11 наурыз, 2026
11 наурыз, 2026