Парламентаризм: құқықтық негіз, даму жолы және болашақ келбетіFarabi University

Парламентаризм: құқықтық негіз, даму жолы және болашақ келбеті

19 желтоқсан, 2025

19.12.2025 жылы Астана каласында Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде “Парламентаризм: құқықтық негіз, даму жолы және болашақ келбеті” атты Парламентаризм институтының құрылғанына 5 жыл толуына арналған Еуразиялық форум өтті.
Форум аясында парламентаризмнің теориялық-құқықтық негіздері, заң шығару қызметін жетілдіру, парламенттік бақылаудың рөлі мен заманауи сын-қатерлер жағдайындағы парламентаризмді дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.

Аталған Еуразиялық форумға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Куаналиева Гульдана Амангельдиевна қатысып, мазмұнды пікірлерін ортаға салды. Өз сөзінде профессор Г. А. Куаналиева құқықтық мемлекет қалыптастырудағы парламентаризмнің маңызын атап өтіп, қаржы, кеден және экологиялық құқық салаларындағы заңнаманы жетілдіру парламент қызметімен тығыз байланысты екенін айтты. Сондай-ақ, профессор ғылыми қауымдастық пен заң шығарушы орган арасындағы өзара ықпалдастықты күшейтудің өзектілігіне тоқталды.