- Басты бет
- Жаңалықтар
- Пекин университетінде ҚазҰУ профессорларының іссапары аясында халықаралық симпозиум өтті.
Пекин университетінде ҚазҰУ профессорларының іссапары аясында халықаралық симпозиум өтті.
2025жылдың 18–25 қараша аралығында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессор м.а. Қалымбек Б. және доценті м.а. Рашева Г.К. Қытай Халық Республикасының жетекші жоғары оқу орындарының бірі — QS рейтингі бойынша әлемде 14-орнында тұрған Пекин университетінде іссапарда болды.
Іссапар барысында ҚазҰУ өкілдері университеттегі кітапхана қорымен танысып, зерттеу жұмыстары жүргізді, сонымен бірге академиялық байланыстарды нығайту, ғылыми ынтымақтастықты кеңейту және бірлескен зерттеу бағыттарын талқылау мақсатында бірқатар кездесулер өткізді.
20 қараша 2025 жылы Peking University Law School және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ арасында “Symposium on the Exchange Visit” атты халықаралық ғылыми-практикалық симпозиум ұйымдастырылды. Іс-шара ТДМ-16 — «Бейбітшілік, әділдік және тиімді институттар» бағыты аясында өтті. Симпозиум барысында заң ғылымдары саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, экологиялық құқық мәселелері және университетаралық академиялық ұтқырлық тақырыптары талқыланды.