- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 3, 11. «Моңғолия қазақтары тарихына қатысты деректер: Тауданбек және Дәуітбай», «Жаңғырық» атты кітаптарының тұсаукесер шарасы
ТДМ 3, 11. «Моңғолия қазақтары тарихына қатысты деректер: Тауданбек және Дәуітбай», «Жаңғырық» атты кітаптарының тұсаукесер шарасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті және Ұлттық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ТДМ-3,11 аясында ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының тыңдаушылары «Моңғолия қазақтары тарихына қатысты деректер: Тауданбек және Дәуітбай», «Жаңғырық» атты кітаптарының тұсаукесер шарасына қатысты.
Шара барысында 25 баяндамашы сөз сөйлеп, Тауданбектің ұрпағы Дәуітбайдың еңбектерінің шығу тарихы, дереккөздері және зерттелу бағыттары туралы мазмұнды баяндамалар жасады.
Сонымен қатар Моңғолия, Қытай Халық Республикасы және Иран елдеріндегі қазақ диаспорасының қоғам қайраткерлері мен зерттеуші-ғалымдары құттықтау сөздерін жолдап, кітаптың тарихи-танымдық маңызына тоқталды.
Шара соңында Түменбай Нұрлан Дәуітбайдың күйін орындап, тұсаукесер мәдени бөліммен жалғасын тапты.
Шараның мақсаты:
Тыңдаушыларды Моңғолия қазақтарының тарихи-этнографиялық мұрасымен таныстыру, жаңа ғылыми еңбектердің мазмұны мен зерттелу ерекшеліктерін талқылау, қазақ диаспорасы өкілдерімен ғылыми байланыс орнату.
Басқа жаңалықтар