Тұрақты даму мақсаты №17-ні іске асыру: Тұрақты даму жолындағы әріптестік
Мемлекеттік құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаты №17 – «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» аясында. 2025 жылғы 19 желтоқсанда Алматы қаласы Медеу ауданы Полиция басқармасының сервис орталығында халыққа құқықтық көмек көрсетуге бағытталған бірлескен іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында азаматтарға әкімшілік-құқықтық мәселелер бойынша құқықтық кеңес беру ұйымдастырылып, оның мақсаты құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру және білікті заң көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету болды.
Кеңес беруді Сағалбаева Роза Ерғалиқызы, заң ғылымдарының кандидаты, аль- Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының ассистент-профессоры жүргізді.
Азаматтарды қабылдау барысында әкімшілік рәсімдерге, азаматтардың құқықтары мен міндеттеріне, мемлекеттік органдардың шешімдері мен әрекеттеріне шағымдану тәртібіне қатысты мәселелер қарастырылып, Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасының нормалары түсіндірілді.
Аталған іс-шара Алматы қаласы Медеу ауданы Полиция басқармасы мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы тиімді әріптестіктің нақты үлгісі болып, құқықтық мемлекет қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға және тұрақты даму міндеттерін іске асыруға бағытталды.
Осындай бастамаларды жүзеге асыру ведомствоаралық ынтымақтастықты дамытуға және ТДМ 17-нің практикалық іске асырылуына ықпал етеді.
"Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық" кафедрасы