- Басты бет
- Жаңалықтар
- Тұрақты даму бағдарламасы аясында «ТҮРКИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРДА МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕБИНАР
Тұрақты даму бағдарламасы аясында «ТҮРКИЯЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛДАРДА МАҚАЛА ЖАРИЯЛАУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ПЕН ҒЫЛЫМДЫ ДАМЫТУДЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВЕБИНАР
2025 жылғы 25 желтоқсанда Тұрақты даму бағдарламасы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен
«Түркиялық ғылыми журналдарда мақала жариялау: халықаралық ынтымақтастық пен ғылымды дамытудың өзекті мәселелері» тақырыбында халықаралық онлайн вебинар өтті. Іс-шара мазмұнды баяндамалар мен терең талдауларға негізделген ғылыми диалог алаңына айналды.
Вебинардың модераторы — Шығыстану факультетінің Түріктану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а. А. Халел. Ол өз сөзінде қазіргі жаһандану жағдайында ғылыми жарияланымдардың халықаралық стандарттарға сәйкестігі мен академиялық серіктестіктің маңызын ерекше атап өтті.
Қазіргі таңда тұрақты даму мақсаттары (ТДМ) университеттердің тек академиялық күн тәртібін ғана емес, олардың институционалдық миссиясын айқындайтын негізгі стратегиялық бағдарға айналуда. Осы тұрғыда Түркияның жетекші жоғары оқу орындары — Harran University, Amasya University, Istanbul University және Ankara Hacı Bayram Veli University — тұрақты дамуды өңірлік, ұлттық және халықаралық деңгейде ілгерілетудегі белсенді ұстанымымен ерекшеленіп, стратегиялық серіктес ретінде танылып отыр.
Вебинар барысында шетелдік және отандық ғалымдар ғылыми жарияланым саласындағы өзекті мәселелерді жан-жақты талқылады.
Атап айтқанда, Harran University өкілі Dr. Uğur Altundaş, Amasya University доценті Doç. Dr. Kürşat Efe, Алматы қаласындағы Түркия Консулдығының өкілі Dr. Kemal Çakır, Ankara Hacı Bayram Veli University профессоры Prof. Dr. Savaş Şahin, сондай-ақ Istanbul University профессоры Prof. Dr. A. Askeroglu мазмұнды баяндамалар жасап, халықаралық ғылыми журналдарда жарияланым дайындау тәжірибелерімен бөлісті.

Іс-шараға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар белсенді қатысып, көтерілген мәселелер төңірегінде қойылған сұрақтар мен ұсыныстар қызу пікірталасқа ұласты. Бұл вебинардың практикалық әрі ғылыми маңызын айқындай түсті.
Халықаралық вебинар Стамбул университеті, Харран университеті, Анкара Хаджы Байрам Вели университеті және Алматы қаласындағы Түркия Консулдығы өкілдерінің қатысуымен өтіп, Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-білім беру ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған мазмұнды әрі нәтижелі академиялық алаң ретінде жоғары бағаланды. https://drive.google.com/drive/folders/1YW84UEt6q0pi0Sn20_k5EZM7FzPoSl5W?usp=drive_link

Жалпы алғанда, Түркия университеттерінің тәжірибесі тұрақты дамуды ілгерілетуде университеттердің білім беру орталығы ғана емес, сонымен қатар өңірлік даму драйвері және халықаралық серіктес ретіндегі рөлін айқын көрсетеді. Университеттер арасындағы ынтымақтастық, бірлескен ғылыми жобалар мен академиялық ұтқырлық ТДМ-ды жүзеге асырудың тиімді тетігіне айналып, Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми және мәдени байланыстардың жаңа көкжиектерін кеңейтуде.
Басқа жаңалықтар