"Шаңырақ" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де қайырымдылық іс- шарасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және Бизнес Жоғары Мектебінің "Қаржы және есеп" кафедрасының экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ж.К. Жорабаеваның жетекшілігімен 2 курс, Қаржы мамандығының 3 топ студенттері «Тұрақты даму мақсаттары» аясында, атап айтқанда ТДМ 1 – «Кедейлікті жою», ТДМ 3 – «Салауатты өмір салты және әл-ауқат» және ТДМ 17 – «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» бағыттары бойынша "Шаңырақ "әлеуметтік қызмет көрсету орталығы" КММ-де қайырымдылық іс- шарасын ұйымдастырды.
2025 жылғы 22 желтоқсанда өткен кездесуде студенттер орталық тұрғындарына ерекше мерекелік атмосфера сыйлады.
Жастар өз өнерлерін ортаға салып, ұлттық күйлер орындап, әсерлі әндер шырқап, үлкендердің көңілін көтерді. Қарттардың жүзіндегі шаттық пен алғыс сезімдері бұл кездесудің маңызын айқын көрсетті.
Аталған қайырымдылық миссиясының негізгі мақсаты – ұрпақтар сабақтастығын нығайту, жастар бойына ізгілік, жанашырлық пен мейірімділік қасиеттерін дарыту. Ақ батасын берген қарттардың ықыласы студенттерге рухани серпіліс беріп, алдағы уақытта да осындай игі істерді жалғастыруға шабыттандырды.
Басқа жаңалықтар